1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланып, ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысында құтқарушылар бір отбасын өрттен аман алып қалды
397
оқылды

Іле ауданының Байсерке ауылында үш пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасының тарсылы болып, өртке алып келді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары барысында 1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланды. Олар күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. 

Сонымен қатар оттан газ баллоны шығарылды. 

Өрт есептоптарының қабылдаған шаралары арқасында өрттің көрші пәтерге таралуына жол берілмей, өрт жедел түрде сөндірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.