Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ескі сынап және натрий шамдары жаңа жарықдиодты (LED) шамдарға ауыстырылуда.
Алматы көшелеріндегі шамдар жаппай жаңартылып жатыр
www.istockphoto.com
568
оқылды

Биылдың өзінде 10 айында қалада бес мыңнан астам жарықтандыру құрылғылары ауыстырылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шамдарды ауыстыру бүкіл көшелер мен шағын аудандарды қамтиды. Мысалы, Наурызбай ауданында Абай мен Алатау даңғылдарының қиылысында ескілерінің орнына 335 жаңа шам орнатылды. Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында Бекмаханов көшесінен Красногорская көшесіне дейін 260 шам ауыстырылды. Жетісу ауданындағы Көкжиек шағын ауданының көшелерінде 120 шам ауыстырылды, ал Алатау ауданының Зерделі шағынауданында осынша шам жаңарды.

"Біздің Шапағат шағынауданында №151 мектептің жанында ескі сары шамдар тұрды, олар өте күңгірт жанатын. көшеде жарық қосулы кезде қараңғы болды. Балалар сабақтан қара көлеңкеде оралды, ата-аналар алаңдап, әкімдікке шағымданды. Міне, бізді ақыры естіді. «Алматы Қала Жарық» бригадасы келіп, барлық шамдарды жаңасына ауыстырды. Олар өте жарық, енді түнде көшеде күндізгідей жарық болады, біз компания мен әкімдікке жайлылық пен қамқорлық үшін алғыс айтамыз", – дейді шағынаудан белсендісі Сара Жанетова.

"Алматы Қала Жарық" айтқандай, сапалы LED-шам 50 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады – бұл ескі үлгідегі аспаптарға қарағанда 30 есе ұзағырақ. Бұл жағдайда энергияны үнемдеу 90%-ға дейін жетуі мүмкін. Жарықдиодты шамдар кәдеге жаратуда қиындықтар туғызбайды, өйткені құрамында сынап пен натрий жоқ. 

Ескі шамдарды жаңасына ауыстыру жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Олар аудандық әкімдіктерімен бірлесіп өткізіліп, қаланың сыртқы жарықтандыру желілері ескеріледі.