Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.
Мұнайшылар мінген автобус жол апатына түсті
www.istockphoto.com
258
оқылды

Жол апаты Маңғыстау облысында Қаражанбас бағытындағы тасжолда болған. Жолаушылары бар шағын автобус жылқымен соқтығысқан. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатта бір адам зардап шегіп, жылқы өлген. Ал зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.

"Автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады", – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жылқының иесі де жауапкершілікке тартылады. 

"Иесі анықталғаннан кейін, ол ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп қосты полиция.