Ол Іnstagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы S-Group қаржылық пирамидасының қызметін белсенді жарнамалап, оқырмандарды тартқан.
Астанада қаржы пирамидасы басшысы сотталды: екі жылда 83,1 миллион теңге тапқан
www.istockphoto.com
172
оқылды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында S-Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Соттың берген хабарламасында сотталушы өзінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығын алға тартып, тағылған айыпты мойындамаған. 

Ер адам 2020 жылдан 2022 жылға дейін Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы S-Group қаржылық пирамидасының қызметін белсенді түрде жарнамалаған. Ол түрлі презентациялар, Zoom конференцияларын өткізіп, қазақстандықтарды аталған қаржы пирамидасының салымшысы болуға үгіт-насихат жұмысын жүргізген. Артынан сотталушы оларды кеңсесіне шақырып, ешқандай да күш жұмсамай-ақ жоғары пайдамен қайтарымын уәде етіп, оларды тіркеген және олардан қолма-қол ақша алған.

2020 жылдан 2022 жылға дейін тартылған қаражаттың жалпы көлемі 83,1 млн теңгеге жеткен. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғағымен, үгіт-насихат жұмыстарының бейнежазбаларымен, қаражаттың түсуі бойынша кіріс ордерлерімен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. 

Сот үкімімен М. ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған азаматтардың қаражаты мен инвестициясын тартуға байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 52,6 млн теңге азаматтық талап қою қанағаттандырылды. Қалған жәбірленушілер татуласуға байланысты талап қоюдан бас тартты.