Елдің басым бөлігінде жел күшейеді.
Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
673
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 29 қарашада еліміздің 13 аймағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астананы түнде және таңертең тұман басады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының батысында тұман.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ.