Күн борап, қар жауады.
Алдыңғы үш күнде ауа райы өзгереді
www.istockphoto.com
7,659
оқылды

"Қазгидромет"-тің мәлімдеуінше, алдыңғы үш күнде еліміз бойынша ауа райы өзгереді.

"Қазгидромет" РМК  30 қараша мен 2 желтоқсанға дейінгі ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың пайымдауынша, алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен мынадай ауа райы болжануда.

Яғни, елдің солтүстік бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда – жауын-шашын.

"30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ", –  делінген "Қазгидромет" ақпаратында.

Тек еліміздің батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында ауа райы айтарлықтай тыныш, жауын-шашынсыз өтеді. 

"Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.