Танымал жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева отбасымен қажылыққа аттанды.
Жаман сөзді көп айтамын: Мереке Қалбаева неге орамал тақпайтынын түсіндірді
instagram.com/merekusha.k
443
оқылды

Желі жұлдызы қасиетті мекенде жүріп, хиджабқа қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Aikyn.kz.

“Менің ең жаман әдетім – жаман сөз айту, ерегесу, қырылысу. Сол үшін де әлі орамал тақпаймын. Сырты бүтін, іші түтін қатын болғым келмейді. Ондайлар менсіз де көп қой. Жаман әдеттен арылу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Бірден өзгермесем де, уақыт өте келе нәтиже боларына сенемін", — деп жазды блогер.

Сондай-ақ желі жұлдызы Меккеге сән үшін баратындарды да сөгіп, ескерту жасады. 

“Умра қажылығына барып, не істерлерін білмей жүрген қазақты көп көрдім. Қай жерде қандай амал жасау керегін білмейтіндер көп екен. Әшейін жұлдыз болмақ түгілі нөмер бірінші болсаң да, бұл жақта бәріміз бірдейміз. Адам қажылыққа жарнама үшін барса, жан тәнімен кешірім сұрай алмайды. Себебі оның жарты ойы “қандай әдемі жарнама түсіремін” деп ойлап кетеді екен. Сен демалысқа емес, Алланың кешірімін алуға келдің. Ойланайық, достар!”, – деп жазды Мереке.