Әйелдің айтуынша, кіші ұлының сырқаты бар, жүре алмайды, сөйлей алмайды.
«Өмір сүргім келмейді...»: бетперде таққан жігіт жалғызбасты ананың арманын орындады (Видео)
Коллаж: Aikyn.kz
3,520
оқылды

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал болған, жүзін жасырып жүрген жігіт үш баласы бар жалғызбасты анаға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйелдің айтуынша, кіші ұлының сырқаты бар, жүре алмайды, сөйлей алмайды. Ол отбасын асырау үшін такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүргенін жеткізді.

«Үш балам бар. Кіші ұлыма дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қазір жасы 8-де. Оңалту курстарына, массажға тасимын. Бір жағынан баламмен бірге таксиге шығамын. Машинаны 7 жылға несиеге алғанмын. Өйткені біз қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Ол жаққа жедел жәрдем өте ұзақ жүріп келеді. Шынымды айтсам, бұлай такси болып жүргім келмейді. Бұл жұмыс тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр. Шаршадым, қазір тіпті не істерімді білмеймін. Өмір сүргім келмейді десем де болады», - дейді жас ана.

Бетперде таққан жігіт жалғызбасты ананы жұбатып, оған көмектесуге келгенін айтты. Баланың еміне, несиесін төлеуге және кәсіп ашуға қажет қаражатты ұсынып, баспананың кілтін табыс етті. Мұндай сый күтпеген әйел қуаныштан көз жасына ерік берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.