Алматы қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Тұман, көктайғақ: 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
802
оқылды

Синоптиктер 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, 1 желтоқсанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Алматы қаласында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 

Шымкент қаласында 1 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Астана қаласында 1 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.