Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Астанада жатақхананы жалын шарпыды, 40 адам эвакуацияланды
410
оқылды

Астанада Алматы ауданы Бұқтырма көшесінде орналасқан ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Aykin.kz.

Өрт ғимараттың үшінші қабатында басталып, төбе жабындары мен шатырды да шарпыған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін үшінші қабаттың төбе жабындары құлап кеткен. Ғимараттан өз бетінше 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланған. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары бойынша жедел штаб құрылып, эвакуацияланғандар үшін жылыну пункті ұйымдастырылды. Сонымен қатар ТЖМ медициналық және апаттан құтқару орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Өрттің алдын ала аумағы 300 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірілді, ал оның себептері анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмысын жалғастыруда.