Желі қолданушылары әншінің айтқанымен келіспейтінін айтып, түрлі пікір қалдырған.
«Күйеуді өзіңнен артық сүю керек»: әнші Тамара Асардың пікірі қызу талқыға түсті
3,353
оқылды

Әнші Тамара Асар Din Dina show бағдарламасында  ер адам қандай болу керегін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

«Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға шаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адам табиғатынан алыстамайды», — дейді ол.

Алайда желі қолданушылары әншінің айтқанымен келіспейтінін айтып, түрлі пікір қалдырған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.