Шұғыл стоматологиялық көмек қай санаттағы азаматтарға тегін болады?
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
682
оқылды

Елімізде кей азаматтар МӘМС аясында стоматологиялық көмекті тегін ала алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тісті жоспарлы және шұғыл емдеу 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге тегін көрсетіледі.

Шұғыл стоматологиялық көмек төмендегі азаматтар санатына тегін көрсетіледі:

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне;
  • I, II, III топтағы мүгедектерге;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
  • зейнеткерлерге;
  • жұқпалы және әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтарға, сондай-ақ қоғамға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдарға;
  • бала кезінен I топ мүгедектеріне немесе мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтарға;
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иеленген көпбалалы аналарға.