Мұрат Мұстафаев компанияның бас директоры болып 2023 жылдың ақпан айында тағайындалған.
«Маңғыстаумұнайгаздың» бас директоры қызметінен кетті
3,522
оқылды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстанның мұнай-газ кеңесінің Telegram арнасындағы мәліметке сәйкес, ол Қытай тарапының шешімімен қызметінен кеткен. Ал компанияның баспасөз қызметі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Мұрат Мұстафаев компанияның бас директоры болып 2023 жылдың ақпан айында тағайындалған.

Мұрат Мұстафаев еңбек жолын «Южнефтегаз» АҚ және «Харикейн Құмкөл мұнай» АҚ Мұнай және газ өндіру бойынша 2-разряд операторы болып бастады.

2012-2015 жылдары  «ҚазМұнайГазда» бас геолог, бас директордың кеңесшісі, Геология және әзірлеу жөніндегі басқарушы директоры, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директоры болды.

2018-2021 жылдары – «Қазгермұнай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.