Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасының байланысын нығайту, балалар мен ата-аналарды біріктіру, ұжымдық рухты тәрбиелеу болды.
6-сынып оқушыларынан 4 команда қатысты. Әр команданың өз ұраны, формасы және атауы болды. Іс-шараны мектеп директоры Ағыбаева С.А. ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Ол тәрбиенің маңызды әлеуметтік үдерістердің бірі екенін, оның күрделілігі шексіз қырларында екенін атап өтті. «Бала, ата-ана және сынып жетекшісі – теңқабырғалы алтын үшбұрыш, оның әр қыры басты рөл атқарады», – деп атап өтті ол. Сондай-ақ, аудандық іс-шараның сәтті өтуіне тілек білдірді.
№11 ЖББМ әкімшілігі №84 және №85 мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Мұхамадиев А.К. мен Баққожа Ж.Қ-ға және 6-сыныптардың сынып жетекшілерінің қолдауымен іс-шараға белсенді қатысқан ата-аналарға шынайы алғысын білдіреді.