Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды.
Өскеменде терезеден секірейін деп жатқан әйел аман қалды
Фото: ТЖМ
259
оқылды

Өскеменде терезеден секірмек болған әйел құтқарылды. Оған ТЖМ қызметкерлері уақытылы көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Бүгін 112 пультіне Өскемен қаласы Әл-Фараби көшесі бойындағы үйлердің бірінде 1955 ж.т. әйел терезеден секіргісі келетіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу құтқарушылар, психолог Дина Тоқтарханова және жедел жәрдем қызметкерлері келді. Психолог тұрғынмен байланыс тауып, тыңдап, қолдау көрсетіп, шұғыл жағдайдың алдын алды», - делінген хабарламада. 

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.