Республика бойынша тұман, солтүстікте, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, батыста, солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ күтіледі.
Жел, тұман, көктайғақ: 4 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
1,287
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР аумақтарының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, шығыс өңірлерде қар, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта аздаған қар, батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, солтүстікте, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, батыста, солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.