Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Nazarbayev University Президенті, профессор Вакар Ахмадпен кездесті.
Сенат Төрағасы Nazarbayev University Президентімен кездесті
505
оқылды

Мәулен Әшімбаев елімізде ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық ғылымның әлеуетін нығайту және барлық салаға инновацияны кеңінен енгізу жөнінде жүйелі шаралар қабылданып жатқаны да сөз болды.

Сұхбат барысында тараптар білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының келешегіне, сондай-ақ әртүрлі салада жаңа технологиялар мен инновациялар әзірлеу ісіне ерекше назар аударды. Осы орайда Сенат пен Nazarbayev University жанындағы Зияткерлік жүйе­лер және жасанды интеллект институты арасындағы іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесі сөз болды.

«Зияткерлік жүйелер институтымен ынтымақ­таса жұмыс істеу жасанды интеллект технология­ларына арналған нормативтік-құқықтық база әзір­леуде маңызы зор. Гранттық бағдарламалар сияқты жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді ынта­ландырудың да берері мол деп есептейміз. Университеттің осы бағыттағы ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу тиімді және прогрессивті құқықтық орта қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу кезінде Сенат Спикеріне Nazarbayev University-дің қазіргі қызметі, алдағы жоспары және бірлескен жобалар мен бастамалар жөнінде мәліметтер берілді.