Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенаттың пленарлық отырысында теңгенің әлсіреуі инфляцияның күшеюіне ықпал ететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Жақында АҚШ долларына қарсы теңге әлсіреді. Бұл қосымша инфляциялық фактор. Бұл инфляциялық күтулерге әсер етеді", – деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, Ұлттық банктің ұсынған мәліметі бүгін бойынша 1 доллар 523,58 теңге болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.