Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерлесіміз 1/4 финалда шаршы рингтің қожайыны Чуджан-Ат Пануванмен кездесіп, алғашқы раундтан-ақ жеңіске деген ұмтылысын көрсете алды. Қарсыласты сезіну, жылдамдық, таза бокс тұрғысынан басым болған отандасымызға төрешілер тарапы бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті берді.
Енді отандасымыз 8 желтоқсан күні Лундаа Гантумурмен (Моңғолия) финалдық жолдама үшін жұдырықтасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.