Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
254
оқылды

Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен құттықтады. 

Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады. 

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.