Отырыс қатысушылары валюта бағамын тұрақтандыру тетіктері және энергетикалық пен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба, инвестициялық жобалар және басқа да қабылданып жатқан шараларды қамтитын бағдарламалар туралы баяндады.
Сенат төрағасы инфляцияға қарсы шараларды жетілдіру қажет екенін айтты
Фото: istockphoto.com
576
оқылды

Қазақстан үшін валюта бағамының өсуі импорттық тауарлардың қымбаттауы арқылы инфляцияның қосымша факторына айналады. Осылайша, валюта бағамының ауытқулары елдің бүкіл экономикалық жүйесіне, бюджеттен бастап сыртқы саудаға дейін әсер етеді. Бұл жөнінде Сенат Спикері 2024-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін талқылау барысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Маулен Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанның импортқа тәуелділігін ескере отырып, теңге бағамының төмендеуіне байланысты инфляциялық қысымның күшею қаупі бар. Сондықтан қалыптасқан жағдайларда барлық ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалап, алдағы жылға арналған антиинфляциялық шараларды жүзеге асыру аса маңызды.

«Валюта бағамына қатысты мәселе абстрактілі емес, практикалық әрі сезімтал, елдегі жалпы экономикалық жағдайға тікелей әсер етеді. Бұл – бір жағы. Екінші жағынан, валюта бағамының өсуі біздің жағдайда импорттық тауарлардың қымбаттауы арқылы ел ішіндегі инфляцияның қосымша факторы болып табылады. Сонымен бірге, кері жағдай да орын алады: қазіргі таңда сәл жоғарылаған ішкі инфляцияның өзі валюта бағамына ықпал етеді. Бұл – өте күрделі экономикалық жүйе», – деп атап өтті палата Төрағасы.

Отырыс қатысушылары валюта бағамын тұрақтандыру тетіктері және энергетикалық пен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба, инвестициялық жобалар және басқа да қабылданып жатқан шараларды қамтитын бағдарламалар туралы баяндады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.