Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста, солтүстікте желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде.
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 6 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
1,010
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 6 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР аумақтарының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста, солтүстікте желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.