Талап қоюшы Филиппин Республикасының азаматшасы Б. жеке кәсіпкер М.-ға қатысты ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, сонымен қатар моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сот анықтағандай, тараптар арасында бала күтушісі қызметін көрсетуге агенттік шарт жасалған.
2024 жылдың ақпан айында жауапкер Instagram әлеуметтік желісінде талап қоюшының төлқұжатын пайдаланып: «Еңбек міндеттерін орындамай, алаяқтықпен қашып кеткен жұмыскер. Өте сақ болыңыз!» деген жариялым жасаған.
Филологиялық-психологиялық зерттеудің қорытындысымен таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтын болса, ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді түсіретінін растады.
ӘК-ның 141, 143-баптарына сәйкес таратылған ақпараттың шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі.
Жауапкер өз кезегінде сотқа тараған ақпараттың шындыққа сәйкестігін растайтын дәлелдемелерді ұсынбады.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.
Талап қоюшының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жариялымдағы мәліметтер шындыққа жанаспайды деп танылды.
Сот жауапкерді сол БАҚ-та көрсетілген мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеді.
Сонымен қатар, жауапкерден 100 мың теңге моральдық зиян өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.