Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде ерлер арасындағы ширек финал басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ең жеңіл 48 келіде әлем чемпионы, Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай ширек финалда Тәжікстан өкілі Мефрон Шафиевпен кездесті. Шиеленіске толы айқаста жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңісңе жетті. 2-раундта Санжардың қарсыласты нокдаунға жібергенін де атап өтейік.
Енді жартылай финалда боксшымыз Азия чемпионатының күміс жүлдегері Казума Аратекемен (Жапония) жолығады. Қос спортшы 2022 жылы Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтап үлгерген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.