Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған болатын.
Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмай қалды
903
оқылды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні, 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.