Қатерлі инфекцияның анықталуына байланысты, «Дина» базарының ет павильоны уақытша жабылды. Қазіргі уақытта ет сату павильонында дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Атырау қаласы бойынша бүгінде 65 адам дәрігерлердің бақылауына алынып отыр. Белгілі болғанындай, ол адамдардың бәрі мал тасымалдау, сою жұмыстарымен тікелей айналысатын мамандар.
Естеріңізде болса, бұған дейін Атырауда сібір жарасын жұқтырған екі адамның ем қабылдап жатқанын хабарладық. Карантинге жабылған «Асыл агро» мал базарында қатерлі инфекциядан 3 сиыр өлді.
Тиісті мамандар ет сату орындарынан сынама алу, карантинге жабылған орындарды дезинфекциялау, инфекция ошағын жою бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Баян Жанұзақова