Қалибек Алтыбаевтың бұл криптограммасы мен сөзжұмбағы «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде құрастырылған.
Сан сөз – криптограмма
186
оқылды

Дұрыс шешіп, сандарды тиісті әріптермен айырбастағанда Барлас ақынның жас Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты ырза боп, мейірімі түсіп, домбыраны ұсынып, берген батасы оқылады. 

I. «Ұлы жүздің бір баласының Абай ағаға сәлемдемеге жіберген бір тайы», – деп әйгілі сәйгүлік «Торжорғасын» ноқтасымен Мағышқа ұсынған азамат – 18, 13, 9. 

II. Қазақ даласынан Россия заңы арқылы өз басына азаттық тілеуші бірін­ші әйел – 6, 13, 17, 7, 14. 

III. Тәкежанның Уақ жеріне тірелген ең шеткі қонысы, күзектігі – 19, 4, 1, 4, 6, 4. 

IV. Жігітек руына сыпайылап қойылған атау – 17, 11, 1, 7, 17, 7, 12. 

V. Майба­сардың атшабары Қамысбайдың басына мініп алып, құйрығы мен жонын дүрелеген азамат – 19, 4, 3, 4, 1, 4. 

VI. Білікті ұстаз Сармолланың қызы – 13, 10, 6, 4. 

VII. Романда жиі аталатын қатпар-қатпар қара көк адыр, қалың тау – 1, 2, 12, 5, 2, 10. 

VIII. Құнанбайдың үлкен ауылының ұзақ жыл-дан бергі қойшысы – 19, 4, 1, 17, 7. 

IХ. Аға сұлтан Құнанбай мешіт салғызған елді мекен – 19, 4, 3, 19, 4, 3, 4, 15, 2. 

Х. Жұрт көңілін көтерер «жаңа пері» – Сыбанның жас ақыны – 13, 3, 11, 16. 

ХI. Қасиетті қала Меккеге барып, мұсыл­мандық парызын өтегендерге берілетін қосымша ат – 19, 4, 8, 2.

 

МАТАУ СӨЗ

ТІГІНЕН

1. Ноғай ауылында Әбіш қонақ болған орта бойлы, ақшыл қызғылт, сұлу жүзді үй иесі. 3. Тобықтыдан тарайтын ру. 4. Әбіштің сүйікті жары. 6. Құнанбай өз айналасына қоршау қып ұстайтын саны көп, сыбағасы аз рудың бірі. 9. Аттан жығылып қайтыс болған, Мәкенді айттырған жас жігіт. 10. Тәкежан басының кегі үшін, малының жоқшысы, даугері болған немере інісі. 13. Абайға жасалған қастандыққа жаны ауырып, ел сөзін ұстаған Қаракесектің атқамінері. 14. Затонның слесарі, орыс азаматы. 15. Ысқақ ауылының түйешісі. 19. Сақ-Тоғалақтың Оразбайға жасаған шабуылынан кейін, атсыз көптің әлегінен бастарын аулақтаған байлардың бірі. 20. Абай еңбектерімен жете таныс болған «Русский Вестник» журналына романы жарияланған орыстың ұлы жазушысы. 24. Сүйіндік қыстауы Түйеөркештің қасында тұрған биік. 25. Тәкежанның жылқысын барымталағанда Әзімбайдың ақтангеріне мінген балуан жігіт. 28. Абай Тоғжанды алғаш көргенде сылдыры өзгеше ыстық қымбат болып түн тыныштығы ұрлағандай болған әйелдердің сәндік бұйымы. 29. Бөкенші мен Жігітектің арасындағы өршіген дауды басу үшін төрт ата Айдостың жиынына қатысқан Топайдың атқамінері. 30. Аққозы мен Тоғжан үйінің қартаң мал-шысы. 34. «Еркем сорлы нені айтпап еді маған. Шын ғашық еді ғой өзіңе! Кетерінде оң сапар тілеген жоқ. Өлім тілеп кетті» деген сөзді Абайға айтқан Тоғжанның жеңгесі. 35.Дәмежанның үлкен баласы. 36. Ырғызбайдың белгілі мылжың, берекелі сөзі жоқ, қырты. 37. Роман-эпопеяның бірінші кітабының екінші бөлімінің «Балқыбектегі сиязға Абай» деп басталатын тарауы. 41. Абайдың Семейдегі тыныш, жақсы, ұдайы пәтер етіп жүретін үйдің иесі. 42. Қатпар-қатпар, көлбеп жатқан адыр белесті Тобықты қонысы. 

ДОҒА БОЙЫМЕН

2. Құнанбайдың қара шаңырақ иесі Оспанның бәйбішесі Ерке­жанның әкесі. 5. Көтібақ руының басшысы. 43. Арқат тауындағы кісі есімімен аталатын белгілі жақпар тас. 46. Жас Абайдың келешегінен көп үміт күткен, батасын берген, Сыбаннан шыққан әйгілі ақын. 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН

7. Ырғызбай Ақбердінің баласы. 8. Романда себебі жан-жақты баяндалып, Абылай ханның Қабанбай батырға қойған есімі. 11. Жатақтардың кішкене сары қызы. 12. Тобықтының Мыңжасар деген ұрысы жылқыларын барымталап қан қақсатқан Найманның Тарбағатайды мекендеген руы. 16. Жазықсыз жазаланған Қодардың келіні. 17. Абайды «Осы биыл кітап оқу мен өлең жазуға жақсы бет бер­ген жылы боп тұр!» деген кейіпкер. 18. Қазақ балаларына арнап ашылған интернатта оқитын сегіз жастағы Дәмежанның баласы. 21. Тобықтының Тұрсын деген ұрысы күзді күні алысқа баруға ерініп, жақын жердегі үш жылқысы қолды болған көрші отырған ауыл. 22. Қарамола шербешнайына бара жатқанда аталатын өзен. 23. Тоғжанның күйеуі Аққозының Тобықты ішіндегі руы. 26. Жұқпалы аурудан қайтыс болған тепсе темір үзетін азаматтардың бірі. 27. Абай қосының жылқылары жайылған қоныстың бірі. 31. Айдостан тарайтын күші мәлім, төрт атаның бірі. 32. Роман-эпопеяда жиі ата-латын Орта жүз руы. 33. Қараңғы кеш­терде алпамсадай бойымен биік баран аттың үстінде түйе мінген кісідей көрінетін Балта-Орақ елінен келген мықты азамат. 38. Үдере көшкенде тігілетін күрке. 39. Үркімбайдан таяқ жеген Майбасардың атшабары. 40. Қаражанның қайнысы Абайға қойған аты. 44. Махмұт ноғайдың ұлы Мұсаның семіз, қызғылт жүзді тоқалы. 45. Ауырудан, ащы қасіреттен қайтыс болған етікші. 47. Қауменнің Тобықтыға танымал ұлының бірі. 48. Ырғызбай қонысы.

Сөзжұмбақтың жауаптары газетіміздің 14 желтоқсан күнгі №140 санында жарияланады.

Құрастырған

Қалибек АЛТЫБАЕВ