«Жайлы мектептің» алғашқы жемісі

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» жо­басы қолға алынғаны белгілі. Бұл жайында ең алғаш рет екі жыл бұ­рын ел Президентінің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында көрініс тап­қан болатын.

Соның негізінде биыл Сыр өңірінде де заманауи үлгі­дегі білім ордасы бой түзеп,  ел игілігіне пайдалануға берілді. Осы орай­да ұлттық жоба аясында пайдалануға берілген жаңа мектептің қол­даныстағы білім ошақтарынан айырмашылығы неде, ерекшелігі қан­дай, үңіліп көрдік. 

Сұлу Сырдың жағасына қо­ныс­танған Қызылорда қаласында есігін айқара ашқан бұл білім ор­да­сының еңселі ғимараты алыстан көз­ге ерекше көрінеді. Сыртқы әр­леу, абаттандыру жұмыстары әсе­м­дігімен сүйсіндіреді. Ішкі кел­­­­бетінен де кемшілік жоқ. 

Мектеп директоры бізге жаңа оқу ордасының қол­даныстағы бі­лім ұяларынан ерек­шелігі көш іл­­­­гері екенін жіп­ке тізгендей баян­дап берді. Оның айтуынша, бұл білім ордасында оқу проце­сі­нің айырмашылығы өзге мектеп­тер­ге қарағанда сан қыр­лы. Со­ның ішінде түлектердің мектеп қа­бырғасында білім нәрі­мен су­сындап қана қоймай, қо­сым­ша ма­мандық алып шығуына мүм­кін­дік қарастырылған. 

«Жоба аясында мұндай мек­теп­тердің әдеттегі білім ұяларына қара­ғанда бәсі жоғары саналады. Осы­ның негізінде балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы бі­лімді шәкірт тәрбиелеуге сүрлеу са­­ламыз. Қазір мектеп қабырға­сын­да білім берудің жаңа процесін қалыптастыру бағытында сәт сайын жаңашыл бастамаларға бет­бұрыс жасалып келеді. Негізі, бұл мектептің құрылысы жоспар бойын­ша желтоқсан айының аяғында аяқталуы тиіс еді. Бірақ мер­дігер компанияның ықпалы­мен құрылыс жұмыстары мерзі­мі­нен бұрын аяқталып, оқушыларға есігін айқара ашып отыр. Мек­теп­тің жобалық қуаты 900 орынға ар­­­­­налған. Қазір білім ордасында 968 оқушы білім алады. Оның ішін­­де 1-11-сынып аралығында 912 оқушы оқыса, мектепалды даяр­лық тобында 54 бала тәлім алып жатыр. Мектептің мате­риал­дық-техникалық базасы өте жо­ғары деңгейде жабдықталған», – деп түсіндірді мектеп директоры Мөлдір Смаханова. 

Директордың айтуынша, «Жай­­­­лы мектептің» негізгі кон­цеп­­­­циясы оқушыларға жайлы, қауіп­­­­сіз орта құру. Бұл тұрғыда мек­­­теп­тің іші мен сырты толық бей­некамералармен жабдық­та­л­ған. 

Жалпы, мектеп үш блоктан тұ­рады. Осы орайда қауіпсіз ор­та­ны қалыптастырудың тағы бір үл­гісі ретінде мектептің В блогы тек бастауыш сынып оқушы­ла­рына арналған. Бұл блок бөлек кіреберіс есікпен жабдықталған. Әрбір блоктағы витраж есіктер скут карточкалармен басқа­ры­ла­ды. Осы арқылы жоғары және бас­тауыш сынып оқушыларының ара­ласып кетпеуіне жағдай жаса­лып отырғанын алға тартады. 

Сол сияқты әр блогта төрт әжет­­ханадан салынған. Әжет­ханалар мұғалімдер, оқушы­лар және мүгедек балаларға арнап жасалған. 

«Сонымен қатар білім ор­да­сындағы оқу кабинеттері де за­ма­науи үлгіде жабдықталған. Оның ішінде робототехника, СТЭМ кабинеттерінің жабдықталуы жоғары үлгіге сай. Мәселен, робо­тотех­ника кабинеті заман ағы­мына сай дрон, lego конструктор­лар, адам тәріздес роботтар, ноут­­бук­тармен қамтамасыз етіл­ген. Осы арқылы оқушылар әр­түрлі бағдар­ламаны меңгеріп, сол бойынша жұ­мыс істей алады. Сол сияқты био­­логия, химия, тех­но­ло­гия ка­би­­неттерінің жаб­дық­тал­уы жоғары деңгейде деп айта ала­­­­­­мын. Жалпы білім орда­сын­да­ғы барлық кабинет ғылыми жұ­мыс­тармен айналысуға негіз­дел­ген», – дейді Мөлдір Дәу­­­рен­­бек­қызы. 

Осы орайда технология ка­би­нетінің ерекшелігіне ар­найы тоқталып кеткен артық бол­мас. Бұл кабинеттер ұлдар жә­не қыз­дар технология кабинеттері бо­­лып арнайы жасақталған. Со­ның ішін­де қыздар кабинеті ди­зайн жә­не технология кабинеті деп ата­ла­ды. Мұнда арнайы тігін ма­­ши­на­лары орнатылып, оқу­шы­ларға ті­­гін­шілік өнердің қыр-сы­рын үй­­ретеді. Сондай-ақ тамақ­тану мә­де­ниеті кабинеті аспазшы ма­ман­дығына баулу мақсатында арнайы асүй жабдықтарымен қам­тамасыз етіл­ген. Ал ұлдардың тех­нология ка­бинеті ағаш, темір жону станок­тары­мен, лазерлік станоктармен қам­тамасыз етілген. Осы арқылы оқу­шылардың білім нәрімен су­сын­дап қана қоймай, қосымша ма­мандық иесі атануына мүмкіндік жасалып отыр. 

Бұл білім ұясының тағы бір ерек­­­шелігі, үш спортзал жұмыс іс­­­­теп тұр. Соның ішінде бастауыш сы­­­ныптар блогы арнайы спорт­зал­мен қамтамасыз етілген. Кіші сы­нып оқушыларының ересек ба­ла­лар­дан оқшау, дербес залда шы­­­­нығуына жағдай жасалып отыр. Спортзалдары LED табло­мен, спорттық құрал-жабдықтар­мен, тіпті асықтармен де қамта­ма­сыз етілген. Жалпы мектептің барлық сыныбы 45 LED панель­мен қамтылған. 

Бұған қоса, білім ордасында инк­люзивті бөлім жұмыс істейді. Он­да бір сенсорлық және инклю­зив­ті кабинет ашылған. Бұл жер то­лықтай инвентормен қамты­лып, ерекше білім алуды қажет ете­тін балаларға логопед, дефек­то­лог және психолог мамандар қыз­­мет көрсетеді. Балаға сенсор­лық құм терапиясымен жұмыс іс­­теп, әртүрлі тюннел ұйымдас­ты­ры­лады. Бір сөзбен айтқанда, атал­мыш мектепте ерекше жағ­дайдағы 12 бала жалпы білім беру не­гіздемесімен оқытылып жатыр. 

Мектеп ауласында жазғы фут­бол, баскетбол, волейбол алаң­дары мен үлкен теннис корты, кі­ші теннис үстелдері салынған. 

«Балаларға спорттық сауық­тыру шараларын ұйымдастыруды да жолға қойып отырмыз. Осы мақ­сатта күнделікті «көңілді үзі­ліс» шарасын өткізіп келеміз. Үзі­лісте балалар мектеп залында кі­ші үстел теннисін үйреніп, ар­қан тартыс, асық ату секілді ұлт­тық ойындарымызды ойнап, уа­қы­тын көңілді өткізуге мүмкіндік ала­ды. Бұл бірінші кезекте сала­мат­ты өмір салтын қалыптастыру­ға негіз қалап қана қоймай, ұлт­тық құндылықтарымызды өс­­­келең ұрпақтың санасында жаңғыртуға сеп болары сөзсіз», – деп ойын са­бақ­тады мектеп директоры. 

Мектептің музыкалық ка­бинеттері де талантты бал­ғындарға қажетті барлық ас­пап­пен жабдықталған. Соның не­гізінде түрлі үйірме ұйым­дас­тыру­ға мүмкіндік артқанын алға тар­тады. Сонымен қатар білім ұя­сы­ның акт залы заманауи үлгіде жаб­дықталып, түрлі тәрбиелік мә­ні зор кештер мен мерекелік ша­раларды өткізуге қолайлы жағ­дай туғызып тұр. Сол сияқты мек­теп асханасында ыстық тамақпен қам­ту жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. 

«Бұл ел Президентінің баста­ма­сымен жүзеге асырылып жат­қан «Жайлы мектеп» ұлттық жо­ба­сы шеңберінде өңірімізде ашыл­ған алғашқы білім ордасы са­налады. Жаңа білім ұясының өз­ге мектептерге қарағанда мүм­кін­дігі жоғары. Жаңа мектепті қа­ланың сол жағалауында ашуы­мыз өзге шағынаудандардан қаты­нап оқып жүрген балаларға қо­лай­лы жағдай туғызып тұр деп ай­туға болады. Ең бастысы, осы ар­қылы Сол жағалаудағы мем­ле­кеттік мектеп мәселесін шештік. Мектептің жалпы құны 6 млрд 851 млн теңгені құрады. Негізінен, 900 орынға арналған бұл мектепте әрбір баланың сапалы білім, саналы тәрбие алуына мүмкіндік зор. Осы ретте айта кеткен абзал, биыл­ғы жылы Сыр өңірінің білім са­ласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге жетіп, облыс бюд­же­тінің 42,5 пайызын құрады. Бұл был­тырғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артық», – дейді бұл жайында Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов.

Негізінен, ұлттық жоба шең­берінде елімізде 369 бі­лім ұясын салу көзделсе, оның 21-і Қызылорда облысының үле­сіне тиесілі. Демек, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын та­ба­ды.

Жалпы «Жайлы мектептің» бү­гінгі аяқалысы көз қуантады. Бұл білім ұясында тағылымды тәр­биеге баулитын ұлағатты ұс­таз­дардан білім алуға құштар әр­бір балаға барлық мүмкіндік жа­сал­ған деп айтуға толық негіз бар.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы