40 жастағы ер адам №2 Шымкент қалалық ауруханаға гиповолемиялық шок және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен өте ауыр жағдайда түскен.
Дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған ер адамды құтқарды
Шымкент денсаулық сақтау басқармасы
438
оқылды

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған науқасты құтқарды,  деп хабарлайды Aykin.kz. 

"Ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел іс-шаралардан кейін дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты",  деп жазылған ақпаратта.

Ер адам жағдайы жақсарғанға дейін бес күн нефрологиялық бөлімде болды.

"Дәрігерлердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында науқастың жағдайы жақсарып, қажет емнен кейін үйіне шығарылды",  деді реаниматолог Жасұр Мұхитдинұлы.