Басқосуда ұйым кеңістігінде қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Мұрат Нұртілеу ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 31-ші отырысына қатысты
488
оқылды

ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 31-ші отырысына қатысты, деп жазады Aykin.kz. 

Іс-шара барысында қатысушыларға 2024 жылы Мальтаның төрағалығымен Ұйым атқарған жұмысының нәтижелері баяндалды. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Жиыннан соң Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы басқа елдерден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.