Оқиға қаладағы Ержанов көшесіндегі пәтерде болған.
Қарағандыда екі адамды өлтірген күдіктінің өзі уланып көз жұмды
619
оқылды

Қарағанды қаласында екі адамды өлтірген тұрғын қылмыстан кейін алкогольден уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

«Үш ер адам пәтерде бірге демалып, спирттік ішімдік ішкен. Сол кезде олардың арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі екі досын, соның ішінде пәтер иесін өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол есікті ішінен құлыптап, оқиға орнынан қашып кеткен», — делінген полиция таратқан деректе.

Марқұмдардың денесі пәтерде бір апта бойы болған. Көршілердің күдігі туындап, олар полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген Михайлов аудандық полиция бөлімі қызметкерлері есікті бұзып ашып, зорлықпен өлтірілген екі адамның денесін тапқан.

«Тергеу барысында полицейлер үшінші адамның кім екенін анықтап, оны Потанин көшесіндегі үйінен тапқан. Алайда олар келген кезде күдікті үйінде өлі күйінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам сапасыз алкогольден уланған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі адамның өліміне байланысты қылмыстық іс күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады», — деп жазылған материалда.