Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына түсу толығымен цифрлық форматқа көшірілетінін мәлімдеді.
Қазақстанда запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережесі өзгеретін болды
1,156
оқылды

Қазақстанда запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери даярлау ережелеріне өзгерістер енгізілмек, - деп жазады Aykin.kz.

Министрлік басшысы әзірлеген жаңа бұйрық жобасына сәйкес, әскери оқу орындарына түсу, ауысу және қалпына келтіру процестері толығымен цифрлық форматқа көшіріледі.

«Өзгерістер нәтижесінде, азаматтар eGov порталы арқылы өтінім бере отырып, мемлекеттік қызметті жылдамырақ ала алады. Бұл пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, қағазбастылықты жояды», — делінген хабарламада.

Жаңа нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 2018 жылғы 31 қазандағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әзірленген.