Голан жоталарындағы қазақстандық әскери қызметшілермен тұрақты байланыс орнаған.
ҚР Қорғаныс министрлігі Голан жоталары жауапкершілік аймағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Қорғаныс министрлігі
318
оқылды

Қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін БҰҰ-ның Голан жоталарындағы (СОННР) жауапкершілік аймағындағы жағдай шиеленісті, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

  • Миссияның жеке құрамы мандатқа сәйкес өз функцияларын орындап жатыр. БҰҰ күштерінің ажырасуды бақылау жөніндегі уәкілетті тұлғалары сириялық және израильдік тараптардың өкілдерімен тұрақты байланыста. Бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан Қорғаныс министрлігі жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отыр, - делінген министрлік хабарламасында.

Голан жоталарындағы қазақстандық әскери қызметшілермен тұрақты байланыс орнаған. Қажет болған жағдайда миссияны эвакуациялауды БҰҰ басшылығы миссия қолбасшылығының ұсынысы бойынша қарайтын болады.

Бұған дейін Израиль әскері Голан жотасындағы буферлік аймаққа әскер жіберіп, президент Башар Асад режимі құлағаннан кейінгі ықтимал хаосқа дайындалып жатқанын шетелдік БАҚ жазды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.