"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 09 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР шығыс жартысында қар, кей уақыттарда қатты қар, оңтүстік-шығысында – қар, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында – аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын өтеді. Антициклонның әсерінен елдің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшеюі күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.