"Қазгидромет" синоптиктері 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтілуде.
Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.