Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, абақтыға қамалған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы актердің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
Оқиға 2022 жылғы 28 желтоқсанда түнгі сағат 2 шамасында болған. Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан караоке-бардағы төбелеске қатысқаны үшін актер Асқар Жұмабек 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол уақытынан бұрын бостандыққа шықты.
«Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!», – деп жазды актер.