Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бала туғанын дәлелдей алмай жүргенін жеткізді.
«Жүйкені жұқартты...»: әнші Мақпал Исабекова бала туғанда берілетін жәрдемақыны ала алмай жүргенін айтты
Фото: instagram.com/makosyai
7,723
оқылды

Жақында екінші сәбиін өмірге әкелген әнші Мақпал Исабекова баласының Үкіметтің жәрдемақысын ала алмай отырғанын айтты, - деп жазды Aikyn.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бала туғанын дәлелдей алмай жүргенін жеткізді.

“Алты айдан бері мемлекетке босанғанымды дәлелдей алмай келемін. Мен босанғанға дейінгі төлемді, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны, баламның ай сайынғы жәрдемақысын әлі алған жоқпын. Заң бойынша, басқа аналар сияқты, ол төлемдерді мен де аламын деп ойладым. Бірақ мені бір-біріне сілтеп, алдырмай отыр. 1414 нөміріне хабарласа алмадым. Egov.kz болса, "Сіз құжат тапсырдыңыз, күтіңіз" деп отыр. Босанғалы алты ай болды, әлі күтіп отырмыз. Қолымды бір сілтейін десем, салықты уақытында төлеймін. "Үйде бала тауып отыр ғой" деп ешкім менің жағдайымды ойлап жатқан жоқ. Мұндай жағдайда не істеу керек, қыздар?! Мен бұл жағдайды осылай жария қыламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ онсыз да жұқарып отырған жүйкені жұқартты. Қағазбастылық деген біздің елде басым,  1000 анықтама талап етті. Бухгалтер екеуміз тапсыр деген қағаздарын тапсырдық. Халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Бірақ үсті-үстіне саған қысым жасайды. Бұл не сұмдық?! Менің күнім ол ақшаға қарамай-ақ қойсын, қарапайым халық не істейді? Өзіне тиесілі ақшасын алу үшін сәбиін қолына ұстап, мекеме аралап жүре ме?", – деп ашуланды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.