Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса желіде жазба жариялап, оқырмандарынан қолдау күтетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер қыз-келіншектердің жеке табысы болуы керегін, ал өзі бұған мән бермегенін жеткізді.
“Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Әйелдер, әсіресе ажырасқан келіншектер қалай мықты болып, тау қопарады деп таңғалатын едім, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін”, – деп жазды ол.
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталды. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.