Оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік айып тағылған.
Шымкентте көшеде ішкиіммен жарнамаға түскен қызға сот үкімі шықты
Бауыржан Жуасбаев
1,620
оқылды

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бойжеткен Е.-ге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер ) әкімшілік іс қаралған, – деп жазады Aikyn.kz.

Е. 2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында орналасқан «Shymkent Plaza» сауда үйінің алдында, жартылай жалаңаш күйде ішкиіммен жарнамаға түскен.

Сотта Е. өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аталған бапқа сай, бойжеткен өз әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезініп, саналы түрде жол бергендіктен әкімшілік құқық бұзушылықтарды қасақана жасаған деп танылып, 5 тәулікке  қамауға алынған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.