Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды.
Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 тәулікке қамауға алынды
Фото: видеодан алынды
935
оқылды

Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы отбасының адвокаттары айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адвокаттар шешімге шағым түсірмекші. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.

Бұған марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеуінен кейін болған оқиғалар себеп болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.