Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы қалай болғанын Din Dina Show бағдарламасында баяндады.
"Мені алшы" деп жалынған жоқпын: Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділов туралы айтты
Фото: Youtube/Dina Tolepbergen
2,724
оқылды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовті басында мүлдем жақсы көрмегенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы қалай болғанын   Din Dina Show бағдарламасында баяндады.

“Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып "Мені алшы" деп жалынған емеспін. Тіпті, ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. "Шешең берсе де, бермесе де аламын" деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады. Ал Зәкең орнынан түсіп қалғанда, мен де кетіп қалсам, халық шулайтын еді. "Бастық болғанда қатыны болып еді, биліктен кеткенде Мақпал да кетіп қалды" деп сөгетін еді", –  деді өнер иесі.

Әнші жолдасымен бірден АХАТ бөліміне бармай, тек 7 жылдан кейін заңды некеге тұрғанын айтады.

"Қиын сәтте жанында қалдым. Екеуміз де әкесіз өстік. Ол да мен сияқты қайыршы болатын. Билік те қолдан кетті. Байлығы да болмады. Ол жақпен өштесетіндей жалғыз Зәкең емес екі әйел алған. 10 әйел алып жатқандар бар. Мен Зәкеңді ұстағым келсе, бірден АХАТ бөліміне барар едім. Мен бармай қойдым. Жақсы көрсеңіз құжатсыз тұрамыз дедім. 1991 жылы шаңырақ көтердік, 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Ол уақытқа дейін кететін еркек кетіп қалатын еді. Өзі қайтпай қойды. Кейде ашуланып келгенде, “Ұрпақтарыңыз бар, барыңыз сол жаққа” деп айтамын. "Жоқ, қайтпаймын, саған ашуланып тұрған жоқпын" дейтін. Мен ол кісінің жолын байлаған жоқпын", –  деді халық әртісі.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.