Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Инфекция жұқтырған науқастардың бірі – мектеп оқушысы, екіншісі – әскери қызметкер. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты деп отыр.
Ақ халаттылар екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмағанын жеткізді. Қазір оларға тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр. Аталған инфекция үй құстары мен шошқа жануарынан жұғады. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады, – дейді мамандар.