Жолдар 13 желтоқсан сағат 06.00-де ашылады деп жоспарланып отыр.
Екі облыста қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
348
оқылды

12 желтоқсанда сағат 19.15-тен бастап Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінше, Ақтөбедегі “Самара-Шымкент” республикалық автожолының 526-702 шақырым аралығындағы (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ  “Самара-Шымкент” республикалық автожолының 266-526 шақырым аралығындағы (Подстепное ауылынан Ақтөбе шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолдар 13 желтоқсан сағат 06.00-де ашылады деп жоспарланып отыр.