Жүрегін алмастырған науқастар жаңа мүшелері бұрынғы иесінің әдеттері мен дағдыларын есте сақтайды деп санайды. Бұны көптеген таңғаларлық оқиғалар дәлелдеген.
Трансплантациядан кейін жаңа органдар бұрынғы иесінің дағдыларын есте сақтап қалады
Жаңа органдар бұрынғы иелерінің ерекшеліктерін есте сақтайды. Иллюстрация epthinktank.eu сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock / Csaba Deli
1,113
оқылды

Aikyn.kz трансплантацияға қатысты bgr.com сайты жариялаған мақалаға сүйеніп, ағзасын айырбастаған адамдардың бойындағы өзгерістердің ғылыми негізін түсіндіреді.

Органдарын ауыстырған науқастар жаңа ағзасымен бірге жаңа эмоцияларды, естеліктерді де бірге қабылдағандарын айтады. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Adobe / Paul

Органдарын ауыстырған науқастар өздерінің жаңа ағзасымен бірге жаңа эмоцияларды, дәмдерді және естеліктерді де бірге қабылдағандарын айтады. Бұндай оқиғалар тамақтанудан бастап тұлғалық қасиеттері де өзгерген реципиенттерде кездеседі екен. Ғалымдар арасында «жаңа органдар бұрынғы иелерінің ерекшеліктерін қалай есте сақтайды?» деген пікірталас туды.

Ағзаларды трансплантациялау 1954 жылдан басталды. Алғаш рет бүйрек трансплантациясы сәтті жасалып, науқас адамның өмірін сақталып, заманауи медицинаның жаңа парағы ашылды. 70 жылдан бері технологиялық және медициналық жетістіктер жүрек, өкпе, бауыр және тағы басқа ағзаларды трансплантациялауды мүмкін етіп, мыңдаған пациенттерге екінші өмір сыйлады.

Жүрегін ауыстырған адамдардың бұрын ұнатпаған тағамдарға деген тәбеті ашылған, бойында бұрын байқалмаған өзгерістер пайда болған. Фото nypost.com сайтынан алынды. Авторлығы: Northwestern Medicine

Дегенмен кейбір трансплантацияларға қатысты жұмбақ ғалымдар үшін әлі де ашылмай тұр. Органдардың есте сақтау қабілеті бар ма? Жүрегін ауыстырған адамдар өздеріндегі таңғаларлық өзгерістер туралы жиі хабарлайды. Біреудің бұрын ұнатпаған тағамдарға деген тәбеті ашылса, келесі адамда бұрын болмаған жаңа фобиялар немесе жеке қасиеттер пайда болған.

Өмір бойы хореографиямен айналысқан бір реципиент ұдайы тауық наггетсін жегісі келеді. Кейіннен анықталғандай оның доноры осы тағамды жақсы көрген екен. Мұндай оқиғалар бұндай өзгерістердің пайда болуы ғылыми зерттеулерге түрткі болды.

Анықтама: Наггетстер (chicken nuggets) деп майға қуырылған тауықтың қытырлақ төс етін айтамыз. 1950 жылдары америкалық фастфуд индустриясында ойлап табылған тауық етінің кесектері жастар арасында ерекше танымал тағамға айналған.

 

Трансплантацияланған органдардың есте сақтау қабілеттерін түсіндіру үшін зерттеушілер бірнеше теориялар ұсынады. Жасушалық немесе «дене жады» тұжырымдамасы жеке жасушалардың негізгі функцияларынан тыс ақпаратты сақтай алатынын көрсетеді. Бұл есте сақтау идеясы мүшелерге берілуі мүмкін. ДНҚ экспрессиясының реттілігін өзгерту де шешуші рөл атқаруы мүмкін, өйткені жаңа органның интеграциясы реципиенттің жасушалық ортасын бұзуы мүмкін. Сонымен қатар, жүректің электромагниттік өрісі – жүректің ішіндегі нейрондар желісі – мимен біз әлі түсінбейтін тәсілдермен байланыса алады. Бұл жерде әлі де нақты түсінік болмағанымен, жүректің мимен екі жақты байланысын да жоққа шығаруға болмайды.

Жүрек-ми байланысына неврологиялық, биохимиялық және биофизикалық жолдар ықпал етуі мүмкін. Бірақ трансплантациялау хирургиясымен бірге жүретін дәрі-дәрмектердің физикалық және эмоционалдық әсерлері «ағзада жазылған жадтың» да берілуіне оң ықпал жасауы мүмкін.

Ғалымдар бұл мәселені тереңірек зерттеген сайын, жұмбақтар ашылып, орган трансплантациясы және онымен бірге берілетін әдеттер мен дағдылар туралы түсінігіміз кеңейіп келеді. Әзірше ғалымдардың жауабынан гөрі сұрақтары көп: адамның денесі туралы толық білу үшін тағы қанша  уақыт керек болады? Бұның бәрі Жаратушының рұқсатымен болатын тылсым дүние шығар. Біз оқыған батыс философиясы да осы пікірге тоқтайтын сияқты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.