Әнші Сырым Исабаев «1001 түн» бағдарламасында өнердегі әріптесі Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Он жылдан кейін сахнаға оралған әнші Қайрат Нұртас екеуіне қатысты алыпқашпа әңгіме жалған екенін жеткізді.
«Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. «Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты» деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Біздің дуэтімізге менің әкем демеуші, Қайраттың анасы продюсерлік етті. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат», – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.