"Қазгидромет" 15 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде түнде жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Таразда 15 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматыда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.
Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағандыда жауын-шашын, кей уақыттарда, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазғанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда 15 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары. Облыстың солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семейде 15 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавлда түнде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада кей уақытта жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.