Оңтүстік Кореяның президентіне әскери жағдай енгізу арқылы бүлік шығарды деген айып тағылып отыр.
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдалым қашан өтетіні белгілі болды
396
оқылды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты импичмент жариялауға қатысты алғашқы сот отырысы 27 желтоқсанға белгіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Конституциялық соттың ресми өкілі мәлімдеді. Осы іс бойынша полиция, Қорғаныс министрлігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінен құралған бірлескен Тергеушілер тобы құрылды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, алғашқы отырысқа Соттың барлық 6 судьясы қатысады. Бұл құзырлы орган 6 айдың ішінде Юн Сок Ёльді орнынан алу немесе орнында қалдыру туралы шешім шығаруға тиіс.

Қазіргі президентке әскери жағдай енгізу арқылы бүлік шығарды деген айып тағылып отыр. «Ионхап» ақпарат агенттігі Юн өзін қорғау үшін заңгерлік топ құрып жатқанын хабарлады.