Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенова қазақтың музыка мәдениетіне үлкен үлес қосып жатқан аңыз адам екенін, оның бұлбұл үні Қазақстанның ғана емес, шетел көрермендерінің де жүрегін жаулап алғанын атап өтті.
«Құрметті достар! Бүгін біз Қазақстанның рухани әлемінің символы болып табылатын қазақ мәдениетінің нағыз аңыз адамы, әйгілі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бибігүл Ахметқызы – КСРО-ның халық әртісі, Қазақ КСР-ның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері. Ол бар өмірін өнерге арнап, 20-ғасырдағы ірі опера әншілерінің біріне айналды. Оның бұлбұл үні Қазақстанның ғана емес, шетел көрермендерінің де жүрегін жаулап алды. Бибігүл Ахметқызы ұзақ жылдар бойына жаңа буын музыканттарына білім беріп, қазақтың музыка мәдениетіне үлкен үлесін қосып, жас ұрпақты шабыттандыруын жалғастыруда. Мен осы ұлы мәдениеттің бір өкілі болғаныма мақтанамын. Бибігүл Ахметқызы сияқты шеберлер салған мәдени жолды жалғастыру мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын. Әндеріңіз мәңгілік шырқалсын! Туған күніңізбен!» – деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, 16 желтоқсанда аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова туған күнін атап өтті. Биыл халық әртісі, «Отан» орденінің иегері 95 жасқа толды.
Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнмен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.