Финалдық жекпе-жекте Қазақстан боксшысы Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев ережені бұзғаннан кейін алтын медаль жеңіп алды.
Өзбекстандық боксшы қазақ спортшыны тістеп алды: IBA мәлімдеме жасады
Фото: ҰОК
1,844
оқылды

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бірінші вице-президенті Владимир Продивус жақында өткен Азия чемпионатында дау туғызған жағдай туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Финалдық жекпе-жекте Қазақстан боксшысы Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев ережені бұзғаннан кейін алтын медаль жеңіп алды.

«Бұл өкінішті оқиға болды. Рефери мұны сол жерде неге байқамады? Бұл – төрешінің кәсібилігіне қатысты сұрақ. Дегенмен апелляция жүйесі дұрыс жұмыс істеді және шағым түскеннен кейін Асадуллаевтың дисквалификациясы туралы дұрыс шешім қабылданды. Бұл тағы да бокстағы әділдікті сақтау маңыздылығын көрсетеді», – деді Продивус. 

Айта кетейік, бастапқыда төрешілер шешімі бойынша жеңісті өзбекстандық боксшыға берген еді. Алайда Қазақстан тарапынан түскен наразылықтан кейін Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.