Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Бұрқасын, тұман, көктайғақ: 17 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: micetimes.asia
1,362
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Солтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігіне әсер ететін болады – жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады. Еліміздің қалған территориясында кетіп бара жатқан антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.